Басты бет » Мектеп туралы

Мектеп тарихы


№ 1 Облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебі 

Біздің мектебіміз облыстағы бірден бір өзіндік орны қалыптасқан спорт мектебі 1963 жылы алғашқы жұмыс күні басталып,күні бүгінге дейін жұмыс жүргізудеміз .

2011 жылы №1 Қызылорда облысының балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі болып ашылып, 2015жылы №1 Қызылорда облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебі атауына өзгерді. Мамандандырылған спорт залдарының өлшемі: дзюдо залы – 14,40x25,20 ш.м, бокс залы – 8,45x17,65 ш.м, еркін күрес залы – 14,30x29,45 ш.м, таеквондо залы – 8,35x18,60 ш.м, шахмат залы – 6x21 ш.м. Мектептің жалпы алаңы – 4350 шаршы метр.

2019-2020 оқу жылдарында мектепте дзюдо, грек-рим күресі, еркін күрес, ауыр атлетика, бокс, таеквондо, кикбоксинг, тайбокс, самбо күресі, қазақ күресі, стенд ату, әйелдер күресі, көркем гимнастика, шахмат, белбеу күресі, байдарка мен каноэде есу,карате бөлімшелері оқу-жаттығу сабақтарын жетілдіруде .

Қазіргі таңда біздің спорт мектебімізде спорттың 17 түрімен 113 топта 1362 оқушы спортпен айналысады.

Мектепте 83 қызметкер жұмыс жасайды оның ішінде 44-і оқытушы -жаттықтырушы штаттық 32, қосымша 12 жаттықтырушы.

Оның ішінде :

19-ы жоғары санатты

4-ы бірінші санатты

7-ы екінші санатты аталса

3 жаттықтырушыда ҚР ЕСЖ

2 жаттықтырушыда халықаралық дәрежедегі спорт шебері

19 жаттықтырушыда спорт түрлері бойынша ҚР Спорт шебері атақтары бар.

Біздің жеткіншектер үлкен ареналарға шығарып, ел қоржынының қанжығасын майлап, байрақ