Басты бет » Мектеп туралы

Сыбайлас жемқорлық қоғамдерті


Елбасы жолдауында: «Заңды бұзған екенсің, оның баптарына сәйкес жауапқа тартыласың» дейтін нақты ережесі бар. Ендеше, жемқорлықты жоюды мақсат еткен сот жүйесі де жолдауда берілген, тапсырмалардың шындыққа айналып, заңнамалардың талапқа сай орындалуына мүдделік танытуды міндетті санайды.
Мемлекетте жемқорлықтың бел алуы көлеңкелі экономиканың пайда болып, экономикалық өсу қарқынының тежелуіне және әлеуметтік, саяси шиеленістердің асқынуына ұрындырады. Сонымен қатар жоғарғы лауазымды мемлекеттік қызметкелер жаппай жемқорлыққа салынған жағадайда құқық қорғау органдары оларды жасаған қылмыстары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарта алмайтын жағдай қалыптастырады.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» туралы Заң талабының аясында жемқорлыққа қарсы іс-әрекеттер әр салада жүзеге асырылуда. Сыбайлас жемқорлықпен күресті жеке қарау мүмкін емес. Сондықтан, кез-келген ортада пара беру мен пара алудың жолын кесуде қоғам болып белсенділік танытуымыз керек.
Жемқорлық мемлекеттік органдардың тиісті қызмет атқаруына кері әсерін тигізіп, беделіне нұқсан келтіреді, заңды қағидаларды теріске шығарып, азаматтардың Конституциялық құқықтары мен заңды мүдделерінің бұзылуына түрткі болады. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңына сәйкес сыбайлас жемқорлықпен күресті барлық мемлекеттік органдар мен онда қызмет атқаратын лауазымды тұлғалар жүргізуі тиіс. 
Сыбайлас жемқорлық әрекеттері бойынша тиісті шара қолданудың негізі-ол азаматтардың арыз-шағымы Мемлекетіміздің әрбір азаматы Қазақстан Республикасының Конституциясын және заңдарын сақтауға, басқа адамдардың құқықтарын бостандықтарын, абыройы мен қадір қасиетін құрметтеуге міндетті.
«Әділдік жоқ жерде пара белең алады», «Дүние-байлық неге керек, денсаулығының болмаса, Төрелігің неге керек, халықтың көңілі толмаса» деген нақыл сөз сот саласында еңбек етіп жүрген қызметкерлердің де ,әділ төрелік жасап, жемқорлықтан жоғары тұрған жағдайда ғана халық сеніміне ие боламыз.
Біздің елімізде қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама жұмыс істеуде, оның негізі «Сыбайлас жемқолыққа қарсы күрес туралы» және «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдар болып табылады, бірқатар бағдарламалық құжаттар іске асырылуда, Мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы функционалды кешенді түрде іске асыратын арнайы уәкілетті орган құрылды, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет саласындағы халықаралық ытымақтастық белсенді жүзеге асырылуда.
2001 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі Мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда, олардың шеңберінде сыбайлас жемқорлық көріністері пайда болуының себептері мен жағдайларын жою жөніндегі нақты шаралар қабылдануда.
Сыбайлас жемқорлық проблемасы барлық елдерде бар, ол әлеуметтік-экономикалық ілгерілуді баяулатып, тек өзіне тән көріністермен және ауқымымен ерекшеленеді.
Елдің болашағы-жас ұрпақтың қолында. - демек, осы ұранымызды ұстансақ жемқорлыққа қарсы тұра аламыз. Олардың бұл жасаған істерін қазіргі жастарымыз қайталамайтындай етіп,оларға сабақ беру қажет.

Қызылорда облысы бойынша 
ішкі мемлекеттік аудит департаментінің
қаржылық есептілік аудиті бөлімінің 
бас маманы, мемлекеттік аудиторы 
Рақым Азамат Махамбетұлы.