Басты бет

Енгізілді: 26.03.2021Қаралғаны: 39 рет
ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ ШАХМАТШЫ НАЗЕРКЕ НҰРҒАЛИ АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫНА ЖОЛДАМА АЛДЫ!

24-26 наурыз күндері Lichess.org сайтының шахмат алаңында ZOOM платформасы арқылы онлайн режимде өткізілген Қазақстан Республикасының чемпионатында жерлесіміз Назерке Нұрғали күміс жүлдені иеленді. Швейцар жүйесі бойынша өткізілген жарыста ол 9 турдан жеті ұпай жинады.

Жас шахматшы 18 жасқа дейінгі 18 қыздың арасынан үздік шығып, Азия чемпионатына жалғыз жолдаманы жеңіп алды. Ол мамыр айында онлайн жүйеде өтетін Азия чемпионатына Қазақстан атынан сынға түседі. Оған дейін Ақтөбеде ересектер арасында өтетін ел чемпионатының классика түрінен жартылай финалда бағын сынайды.

Айтулы жарыста 16 жасқа дейінгі ұлдар арасында Нұрдаулет Таңатов қола жүлдені еншіледі.

Шахматшылар #1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінде тәлім алады. Жаттықтырушылары - Василий Шимелков пен Риза Қошқарова.

Айта кетейік, байрақты бәсекеге еліміздің барлық қалалары мен облыстарынан 8-18 жас аралығында 500-ден астам спортшы қатысты.