Басты бет

Енгізілді: 30.03.2021Қаралғаны: 4 рет
Жаны жайсаң, көңілі дархан азаматымыздың 60 жасқа келген күнімен құттықтаймыз.

ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
Жаны жайсаң, көңілі дархан азаматымыздың 60 жасқа келген күнімен құттықтаймыз.
60 жас – адамның кемеліне келіп, алдыңғы толқын ағаларының ізін басып, кейінгі толқын інілері құрмет көрсетіп, ілтипат танытатын, ұл-қыз өсіріп құда-жекжатты болып, немере сүйіп, өрісі кеңейіп, өркені өскен беделді кезеңі. Осындай мерейлі жасқа келген ЕРМАҒАНБЕТ АБСАДЫҚҰЛЫ ағамызға тірлікте тұғырыңыздан таймай, әлі де талай асуларды табандылықпен алып, келер қиындықтарды қажырлықпен жеңіп, алға қойған мұраттарыңызға сүрінбей жете беріңіз демекпіз. Асыл жарыңыздың, ұл-қыздарыңыздың қызығын молынан көріңіз, алып мәуелі бәйтеректей жапырақ жайып, өркендей беруіңізге тілектеспіз!
ІЗГІ НИЕТПЕН: №1 ООРМБЖМ